Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Eskişehir °C

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады
REKLAM ALANI
19.12.2022
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады

2022 жылғы

Президентке Үкіметтің 2023 жылы атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа оның сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жоспарлар, Үкіметтің экономикалық саясаты, сондай-ақ инфляцияны төмендету, мұнай-газ және энергетика салаларын, өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және экономиканың басқа да секторларын дамыту шаралары жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

Әлихан Смайылов 44 реттеу саласында бизнеске кедергі келтіретін 10 мыңға жуық талапты жою және қайта қарау, шағын және орта бизнестегі жұмыспен қамтылғандар санын 3,8 миллион адамға дейін арттыру, 38 мың жұмыс орнын аша отырып, құны 4,2 триллион теңге болатын 289 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру, бірқатар ірі инфрақұрылым нысанын салу және басқа да жұмыстарды атқару көзделіп отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар Президент Үкіметтің ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету, азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларының қызметін қайта жасақтау, жаңа форматтағы мектептер салу, ауылдық денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту, азаматтарды жұмыспен қамту және басқа да жоспарларымен танысты.

Бұдан бөлек, Премьер-Министр экспортты, нақты жалақыны және жалпы экономиканың өсімін арттыруды, сондай-ақ инфляцияны төмендетуді қамтитын республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алдағы жылға арналған болжамын жеткізді.

Мемлекет басшысы Үкіметке сайлауалды бағдарламаны орындау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды, сондай-ақ мемлекеттің макроэкономикалық жоспарлары мен әлеуметтік міндеттемелерін іске асыруды тапсырды.

Президент Үкіметке елімізде қолайлы инвестициялық және бизнес-ахуалды қамтамасыз ету, инфляция деңгейін төмендету, денсаулық сақтау саласындағы жағдайды жақсарту, жылыту маусымының барысын ерекше бақылауда ұстау жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

 

Кері қайту Кері қайту

Kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-premer-ministr-alihan-smayylovty-kabyldady-17115429

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.