Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Eskişehir °C

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады
REKLAM ALANI
24.01.2024
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады

2024 жылғы

 

 

 

Президентке Қазақстанның 2023 жылғы даму қорытындысы және әлеуметтік-экономикалық саладағы реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде баяндалды.

 

 

 

Премьер-Министрдің айтуынша, ел экономикасының өсімі 5,1 пайызды құраған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 13,7 пайызға артып, 39,5 миллиард долларға дейін жетті. Бұл ретте былтырғы 9 айда шетелден 19,7 миллиард доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылған. Шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 14 пайызға (500 мың адамға) артып, 4,3 миллион адамға дейін көбейді. Үкіметтің Ұлттық банкпен және өңір әкімдерімен бірлесе атқарған шараларының нәтижесінде инфляция деңгейі 2 есе, яғни 9,8 пайызға дейін төмендеді.

 

 

 

 

Сыртқы тауар айналымы 2,2 пайызға өсіп, 126 миллиард долларды құрады. Сауда балансының оң сальдосы 16 миллиард доллардан асты.

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысына Үкімет бүкіл әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы әрі толық көлемде орындап отырғаны туралы мәлімет берілді. Ортақ зейнетақы мөлшері былтыр 10,5 пайызға, ал жыл басынан бері тағы да 9 пайызға индексацияланды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы 23 пайызға ұлғайды. Жалпы, еліміздің 4,5 миллион азаматы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Ол үшін бюджеттен 4,6 триллион теңге бөлінген.

 

 

 

 

Бүгінде Инвестициялық жобалардың бірыңғай пулын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша құны 1,8 триллион теңге болатын 298 жоба іске қосылды. Биыл сомасы 3,8 триллион теңгені құрайтын тағы 326 жобаны, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында құны 1,2 триллион теңге болатын 180 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Осы ретте 15 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

 

 

 

 

Премьер-Министр кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялық ахуалды жақсарту шаралары, энергетика және құрылыс салаларында реформа жүргізу, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніне жаңа әдістерді енгізу жұмыстары туралы айтты.

 

 

 

 

Бұдан бөлек, Президентке тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, халыққа қызмет көрсету сапасы мен оның сенімділігін арттыру шаралары жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Ұлттық қор – балаларға» жобасының жүзеге асырылу барысы, «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесінің енгізілуі, денсаулық сақтау және туризм салаларының дамуы жайында баяндалды.

 

 

 

 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-premer-ministr-alihan-smayylovty-kabyldady-2203551

 

 

 

 

REKLAM ALANI